Атырау, 24 сәуір 09:34
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Көкшетауда он жыл бойы алимент төлемеген ер адам пәтерінен айырылды

2 959 просмотра

Қазақстанда алименттерді өтеу мақсатында тағы бір пәтер сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының жеке сот орындаушылар палатасының мәліметінше, Көкшетауда борышкердің пәтері сатылды. Ер адам балаларына 10 жылдан бері қарыз.

"Бір бөлмелі пәтер 3,7 миллион теңгеге кетті. Бұл ақша жиналған қарызды толығымен жабуға жеткен жоқ. Ажырасқаннан бері әкесі екі кәмелетке толмаған балаға алимент мүлде төлемеген. Осы уақытта жалпы қарыз сомасы төрт миллион теңгеден асты", - деді өңірлік палата басшысы Жанар Әбілқасымова.

Іздестіру барысында борышкердің Солтүстік Қазақстан облысында тіркелгені анықталды. Енді алименттің қалған бөлігін өндіріп алумен осы өңірдің сот орындаушылары айналысады.

Ақмола облысының мамандарында алимент бойынша 10 мыңнан аса құжат болған, оның ішінде 1400-ге жуығы аяқталды. Тағы 3400-і орындалып жатыр, яғни алимент жұмыс орнындағы жалақыдан ұсталады.

9 қазан 2020, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.