Атырау, 20 сәуір 02:41
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Карантиннің күшейтілуіне байланысты Нұр-Сұлтанда қандай нысандар жабылуы мүмкін?

3 051 просмотра

Елордада карантин шараларын қадағалау күшейтіліп жатыр. Бұл туралы әкімдікте өткен кеңес барысында айтылды. Талаптарға сәйкес келмеген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері жабылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Мейрамханалар, кафелер, сауда орталықтары және басқа кәсіпкерлік субъектілері мен ШОБ санитарлық нормаларды сақтамаған жағдайда, біз карантинді қайта енгізуге мәжбүр боламыз", - деп хабарлады әкімдік.

Мобильді топтар сауда және ойын-сауық орындарына күнделікті рейдті күшейтті. Елорда тұрғындары мен қонақтары маска тағу тәртібін қатаң сақтауы керек.

Айта кетейік, 5 шілдеден бастап карантин тәртібін бұзған елорда тұрғындары мен кәсіпкерлерге жалпы сомасы 128 665 848 теңгеге 587 айыппұл салынды. Оның ішінде жеке тұлғаларға - 12 809 358 теңге мөлшерінде 267 айыппұл, кәсіпкерлік субъектілеріне - 115 856 490 теңге мөлшерінде 320 айыппұл.

Карантинді өрескел бұзушылар негізінен тыйым салынғанына қарамастан өз қызметін жүзеге асырған тамақтану орындары, азық-түлік дүкендері, түнгі клубтар иелері. Ең өрескел бұзушылар - "Алуа" кафесі (Мұстафина к-сі, 38), Dorffman сыра клубы, "Текила" лаундж-бары (Жеке батыр к-сі, 49), сондай-ақ сұлулық салондары мен азық-түлік дүкендері.

Сонымен қатар 102 фармацевтикалық компанияның қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмектерді сатқаны және дәрі-дәрмек бағасының шектеулерін бұзғаны үшін 29 фармацевтикалық компания жауапкершілікке тартылып, сотта айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 13 864 998 теңгені құрады.

Қазіргі уақытта тәулігіне 3-тен 20-ға дейін жаңа КВИ жағдайы тіркеледі. Науқастар қатарында ересектермен қатар, балалар да бар.

9 қазан 2020, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.