Атырау, 22 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Кәсіпкерлер жыл соңына дейін МӘМС жарнасын төлеуден босатылды

2 604 рет қаралды

Ел Үкіметінің сәуір айындағы қаулысына сәйкес, карантиннен зардап шеккен шағын бизнес 1 қазанған дейін МӘМС жарнасын төлеуден босатылған еді. Бұл тізімге кәсіпкерліктің 29 санаты енген болатын. Оған қоса, орта бизнестің оншақты бағыты да шілдеге дейін жарна төлеуден босатылған. Енді бизнес өкілдері бұл жеңілдікті жыл соңына дейін пайдалана алады, деп хабарлайды kursiv.kz.

 Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. 

«ҚР Президентінің 1 қыркүйектегі Жолдауында  экономиканың ең көп зардап шеккен салаларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босату кезеңі жыл соңына дейін ұзартылды», – деді Т.Әбілдаев. Ал жұмыс берушілер қызметкерлерінің деректерін  msb.fms.kz сайтына тіпкеп, оны  ай сайын а жаңартып отыруы қажет.
9 қазан 2020, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.