Атырау, 12 қазан 13:52
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Шымкентте құлаған ұшақта Қазақстанның шекара қызметінің басшысы болған

2 293 просмотра

Қазақстанның шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы Тұрғанбек СтамбековҚазақстанның шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы Тұрғанбек СтамбековШымкенттің маңында құлаған Қазақстан шекара қызметінің ұшағында Қазақстанның шекара қызметі басшысының міндетін атқарушысы Тұрғанбек Стамбековты қосқанда 27 адам болған, деп хабарлады Қазақстан ҰҚК-сының баспасөз қызметі.

25 желтоқсан 18 сағат 55 минутта Шымкент әуежайынан 20 шақырым жерде Астана-Шымкент рейсін жасаған Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің ведомстволық ұшағы апатқа ұшырады. 

«АН-72 әуе кемесінің бортында экипаждың жеті мүшесі мен ҚР ҰҚК ШҚ директорының УМА полковник Стамбековты қосқанда 20 әскери қызметкер болған», - делінген ҰҚК ресми сайтында жарияланған хабарламада. 

Бұрын облыстық ТЖД басшысы Қазақстан жаңалықтарына ұшақтың бортында болған адамдардың барлығы қаза тапты, ұшақ өртеніп кетті деп хабарлаған. 

Оқиға орнында қазір құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен әскерилер жұмыс жасауда. 

Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысында ұшақтың апатқа ұшырауы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды 

 

Бүгін сағат 19-ға таман Шымкент қаласының маңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің иелігіндегі Ан-72 ұшағы апатқа ұшырады.

Бұл туралы ҚР Бас әскери прокуратурасы хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеме бортында экипаждың 7 мүшесі, 20 әскери қызметші, соның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы, полковник Т.М.Стамбеков болған. 

Осы факті бойынша Шымкент гарнизонының әскери прокуроры Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2 бөлімінің «Ұшу немесе оған әзірлену ережелерін бұзу»   392-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

25 желтоқсан 2012, 23:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.