Атырау, 22 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ақтөбе облысында өңірлерді дамытуға бөлінген қаражат жымқырылды

2 836 рет қаралды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті "Қазына" жедел-алдын алу шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік мекеменің Шаруашылық ретіндегі кәсіпорны мен "КК" ЖШС арасында жалпы сомасы 163 миллион теңгеге "Мұғалжар ауданының ауылдық округіндегі сумен жабдықтау желілері" мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалғаны анықталды.

Алайда жарияланған жұмыс толық көлемде жүргізілмей, нәтижесінде алдын-ала есеп бойынша, келтірілген залалдың мөлшері 13 миллион теңге болған. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тарауы (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру) бойынша жүріп жатыр. Қазір ақша жымқыру дерегіне мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың қатысы тексеріліп жатыр.

9 қазан 2020, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.