Бүгін 25 желтоқсанда түске дейін «Қазкоммерцбанк» Атырау филиалының клиенттері банкоматтардан қолма қол ақшалар түсіріп алу кезінде қиындықтарға тап болды.
Таңертең олар «Қазком» банкоматтарының жұмыс жасамай тұрғанын байқаған, ал басқа банктер ҚКБ-мен байланыс жоқтығына сілтеп, сұранысты қабылдамаған.
Жилгородоктағы есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бөлімінде банк қызметкері жұмыс басталған кезде байланыстың болғанын, тек бірнеше клиенттердің аударымдарды аударып үлгергенін, бірақ сағат 10-ға қарай байланыстың жоғалғанын айтты.
Банк хатшылығындағылар (т. 58-60-42) байланыстың сағат 10-нан 15-ке дейін жоқ болғанын хабарлады. Кейінірек біз ҚКБ баспасөз хабарламасын алдық. Онда былай делінген: «Таңертең банк клиенттеріне ЖИН-ге көшу дайындығына байланысты төлем карталарына қатысты операциялардың уақытша шектелгендігі және өңдеу үшін анағұрлым ұзақ уақытты қажет ететіндігі туралы хабардар етілді... Жұмыс сағат 13.15-те ретке келтірілді».
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА