Атырау, 26 сәуір 08:01
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жек өткізу үшін Лас-Вегасқа келді

3 096 просмотра

ҚазАқпарат – Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) Лас-Вегасқа жетті. Ол 10 қазан күні таңертең аргентиналық Гонсало Кориаға қарсы айқас өткізіп, WBO Global және WBC Continental Americas титулдарын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап. 

«Біз қазақстандық стильді көрсету үшін Лас-Вегасқа келдік. Ертең салмақ өлшеу рәсімі болады. Біз дайынбыз!», - деп жазды Жәнібек Twitter парақшасына. 

Әлімханұлы өзінің ең соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қарашасында Нигерияның тумасы, канадалық Альберто Онолуносеге (24-3-1, 8 КО) қарсы өткізіп, алтыншы раундта қарсыласын нокаутқа жіберген болатын. Кория 2019 жылдың маусымынан бері рингке шықпаған. 

Кейінгі айқасында төрешілердің бірауызды шешімімен мексикалық Маркос Рейесті (37-8, 28 КО) жеңген еді.

Дереккөз: Казинформ

8 қазан 2020, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.