Атырау, 22 желтоқсан 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, үш адам қаза тапты

Сурет Бейнежазба
3 405 рет қаралды

Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттен үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы аймақтың ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ведомствоның хабарлауынша, 7 қазанда сағат 15:08-де Ермеков көшесі, 52 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 9-қабатта екі бөлмелі пәтерден өрт шыққан.

Подъезд пәтерлерінен құтқару қалпақшаларының көмегімен екі адам құтқарылды және 15 адам эвакуацияланды. Өрт 16:22-де сөндірілді. Өрт болған жерде 32 қызметкер, ТЖД техникасының 8 бірлігі, Апаттар медицинасы орталығының тобы жұмылдырылды.

Өрт шыққан пәтерден үш мәйіт табылды: 1942 және 1985 жылы туған әйелдер және 2020 жылы туған бала.

Видео: ekaraganda.kz

7 қазан 2020, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.