Атырау, 22 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Денсаулық министрлігі індетті жұқтырғандар саны қайта көбейіп жатқанын мәлімдеді

3 180 рет қаралды

Егер қазақстандықтар санитарлық талаптарды сақтамаса, қатаң шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан, біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайта өсуде. Егер азаматтар санитар дәрігердің талаптарын сақтамаса, тағы да қатаң карантинге оралуымыз әбден мүмкін", - деді Қожахметов онлайн брифингте.

7 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда 108 362 адам коронавирус жұқтырған.

Соңғы тәулікте 66 адамда коронавирус диагнозы расталды. Яғни, 06 процентке өскен, деді ол. 

Қазір 3 145 пациент індеттен емделіп жатыр. Барлығы 103 465 адам жазылып шықты. 1752 науқас қайтыс болды.


7 қазан 2020, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.