Атырау, 23 сәуір 06:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14

Қазақстан мектептерінде 52 баладан коронавирус анықталған

2 703 рет қаралды

Оқу жылының басынан бері Қазақстандағы мектептердің кезекші сыныптарында 52 баладан коронавирус анықталып, бір бала мектеп-интернатта ауырып қалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы жылдың 2 сәуірінен 7 қазанына дейін елімізде коронавирус инфекциясы расталған 2 551 бала тіркелді. 5 қазандағы жағдай бойынша елімізде оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның 138 жағдайы тіркелді, оның ішінде 52-сі кезекші сыныптарда анықталып, 86-сы қашықтан оқып жатқан балалардан анықталған. Тағы бір жағдай мектеп-интернатта анықталды және бүгінде байланыста болғандардың барлығы анықталып, 14 күндік карантинде жатыр", - деді Кожахметов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, COVID-19-мен бір айдан 18 жасқа дейінгі 74 бала ауырады.

7 қазан 2020, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.