Росбалттың хабарлауынша, жаңа жылда әлемде тағы бір ғаламдық қаржы дағдарысы болуы мүмкін. Бұған жер-жерлердегі қауіпті жағдайлар мысал бола алады, деп мәлімдеді корольдік халықаралық қатынастар институтының басшысы Анне Джулиус (суретте).
«Бір немесе бірнеше ел еуроаймақтан кетуі мүмкін. Зорлық-зомбылық бүкіл Таяу Шығыста таралады, америкалық Конгресс құлдырап, Қытай мен оның көршілерінің арасында аралдарға байланысты дау-дамай орын алады, оған Америка Құрама штаттары араласуы мүмкін», - деп хабарлады InoPressa, The Financial Times мақаласына сілтеме жасай отырып.
Сарапшының пікірінше, ең үлкен қауіп осы немесе басқа оқиғалардың әлемді жаңа қаржылық дағдарысқа ұшырату мүмкіндігінде.
Дағдарысқа ұшыраудың үш себебі бар. Олар: 2007-2008 жылдардағы дағдарыстан кейінгі әлемдік экономиканың нығаймауы, экономикалық саясаттың тәмамдалуы және саяси әлсіздік.
Дереккөз: bnews.kz