Атырау, 6 қазан 12:38
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Астанада журналист жоғалып кеттi

1 888 просмотра

Астанада “Қазақстандық БАҚ-тардың альянсы” баспасөз клубының жетекшiсi Тоқберген Әбиев iз-түзсiз жоғалып кеттi. Бұл туралы кеше журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев мәлiмдедi.

“Журналист Тоқберген Әбиев жоғалып кеттi. Бiр кездерi ол “Закон и правосудие” газетiн басқарған. Желтоқсанның 20-сы күнi кешке ол үйiнен шыққан. Жұбайына кеңсеге баратынын, желтоқсанның 24-i күнi өткiзе­тiн “Жемқор түр­меде отырсын” деп аталатын баспа­сөз мәслихатына дайындалатынын айт­қан. Әрiптес­те­рiне телефон арқылы осы туралы хат жi­бер­ген. Содан берi Т.Әбиев­тiң қайда екенi белгiсiз”, – дедi С.Матаев.

Т.Әбиевтiң жұбайы IIД-ге арыз түсiрiптi. Егер ертеңге дейiн журналистен хабар болмаса, онда бұл iске қатысты қылмыстық iс қозғалады.

“Әдiл сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық ұйымының жетекшiсi Тамара Калееваның айтуынша, журналистiң жоғалуы оның қызметiмен байланысты болуы мүмкiн.

Дереккөз: zhasalash.kz

25 желтоқсан 2012, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.