Атырау, 22 қараша 18:13
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Пәкістан Косовоның тәуелсіздігін мойындады

2 176 просмотра

Пәкістан ислам республикасы 24 желтоқсанда Косово республикасының тәуелсіздігін ресми түрде мойындады. Бұл туралы Пәкістан сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды РБК.

The Express Tribune ағылшын тілді Пәкістан газеті Түркиядағы ислам республикасы дипломатиялық өкілдігінің жетекшісі Пәкістанның Косоводағы елшісі қызметін атқарады (екі қызметті қатар атқарады) деп хабарлады.

Осылайша Пәкістан Косовоның тәуелсіздігін мойындаған 98-ші мемлекет болмақ. АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия мен басқа да мемлекеттер Косовоның тәуелсіздігін мойындаған. Ал Қытай, Ресей мен Испания бұған қарсы болып отыр.

Югославия құрамында автономдық өлке болған Косово Республикасы 2008 жылдың ақпан айында тәуелсіздік алған. Косово халқының 90% этникалық албандар құрайды. Дегенмен, сербия халқы албандықтардан құралған үкіметті заңсыз деп санайды.

Дереккөз: bnews.kz

25 желтоқсан 2012, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.