Атырау, 25 қараша 04:34
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қолқаға жасалған пышақсыз ота

2 178 просмотра

21 желтоқсан күні облыстық кардиохирургия орталығында Астана қаласынан келген хирургтар  жүрекке қан апаратын қан тамырына жасалатын күрделі ота өткізіп, жергілікті әріптестестер үшін шеберлік класын өткізді.
Профессор Тоқан СҰЛТАНАЛИЕВТЫҢ айтуынша, бұрын бұл ота ашық әдіспен асалатын. Ал ол кезде қанды кең көлемде жоғалту қаупі туындайтын: 
- Қазір кішкене ғана теріні кеспейді, инемен қан тамырға барып, сол иненің ішімен жабдықтарды жіберіп, бітелген қан тамырларды кеңейтеді. Миға қан жөнді бармағандықтан, стент қояды. Сөйтіп қан миға жақсы барады. Операция небары жарты сағатқа созылады. Ал пациент қан жоғалтпайды. Бірақ мұндай отаның құны 4-5 миллион теңгені құрайды. 
Т. Сұлтаналиев сондай-ақ, ота жасалуға тиіс бірнеше науқастың Астанаға келіп, ем алуы қажеттігін айтты.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

суретті түсірген автор
 

24 желтоқсан 2012, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.