Атырау, 27 желтоқсан 05:10
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

"Тоқал" үйдегі салқындық (Фото)

3 642 просмотра

21 желтоқсандағы қатты жел мен қардың түсуі Авангард 3 ықшам ауданындағы № 39 «а» үйінің тұрғындарына жайсыздық әкелді.

Жойқын жел ілініп әрең тұрған үй қаптамасын жұлып әкетті. Бұл үй құрамында үш үй бар тұрғын үй кешеніне кіреді. Бірнеше жыл бұрын осындай проблема осы үйлердің бірінде болған-ды, ол кезде кешенді қолданысқа жаңа тапсырған кез болатын. Құрылысшылар кепілдемелік қызмет көрсету тәртібімен қаптаманы тегін қалпына келтірген еді.

- Қаптама бірнеше айдан бері салбырап тұрған. Қатты жел тұрғанда, біздің қонақ бөлмемізде тарсыл пайда болатын. Бұл қаптаманың желмен қозғалғандағы соққысы. Біз бұл жөнінде ПИК-ке бірнеше рет айтқанбыз, бірақ онда ғимараттың кепілдік мерзімі аяқталғанын, кооператив мұны өз күшімен жасай алмайтынын ескертті. Міне, нәтижесінде, қаптама құлады, - дейді үй тұрғыны Альбина. Енді міне, қаптамасыз үй пәтерлері – суық. Бәрінен де үй жанына қойылған «Toyota RAV4» автокөлігінің иесі көп зардап шекті. Қаптама кесектері жоғарыдан көлік үстіне құлап, төбесін майыстырып, әйнегін жарды. Жөндеуге көп ақша мен уақыт керек.

- Автокөлік иесі ПИК-ке хабарласып, болған оқиғаны актілеу керек. Содан кейін ПИК пен үйді салған фирмаға шағым хат жазу керек. Хатта автокөлік иесіне шығынды өтеу мерзімі көрсетіледі – 7 күн жеткілікті болар, - дейді адвокат Гүлсім САБИРОВА.Егер ешқандай шара қолданылмаса, ПИК пен құрылысшыларды сотқа беру керек. Жауапты кім екенін және жауапкершілік мөлшері қандай екенін сот өзі шешеді.

- Бес жыл бұрын біз осындай мәселемен қалалық әкімдікке хабарласқан едік, сол кезде олар «Құрылыс» ЖШС-ін өз күштерімен қаптаманы қалпына келтіруге көндірген еді, - дейді «Айнұр» ПИК-нің төрағасы Людмила ШАРОВАТОВА. – Қазір жағдай басқаша, кепілдеме мерзімі бітті. Бұл жөндеуді тұрғындар өз қаражатына жүргізеді деген сөз. ПИК-тің жөндеу жасамақ түгіл, жұмыстың құнын да  шығаруға қауқары жоқ. Жоғарыға шығатын арнайы мамандарды шақыру керек...

Ендігі үміт тұрғындардың жалпы жиналысында, олар бұл ауырлықты мойындарына жүктей алар ма екен?

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсіргени автор

24 желтоқсан 2012, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.