Атырау, 7 қазан 10:40
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Министрлікті алдаудың қажеті қанша?

2 298 просмотра

21 желтоқсан күні облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру  орталығында (СӨСҚО) емдеу-cауықтыру мекемелеріндегі жыл бойына ана мен баланың денсаулығын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар жайы талқыланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА қалалық емханалардың жұмыстарын сынға алды. Оның пікірінше, бүгінгі күні жергілікті емхананың профилактикалық бөлімдерінің есебіндегі статистикалық көрсеткіш шындыққа сәйкес келмейді. Ол мысал ретінде көрші аймақтармен салыстырғанда Атырауда анықталған аурулар саны аз болып шығып жататынын айтты.   

- 15-49 жастардағы қыз-келіншектерді сау болсын, ауру болсын бәрін де жыл сайын медициналық тексеруден өткізу керек, - дейді Д. Камелова. - Статистика анық болуы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігіне жолданып жатқан теріс мәліметтердің кесірінен біздің облысқа бөлінген дәрі-дәрмектер барлық науқастарға бірдей жетпей жатады.

Айнұр САПАРОВА

24 желтоқсан 2012, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.