Атырау, 9 қаңтар 14:53
 ашықВ Атырау -2
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

Ресей Асадқа қызметінен кетуді ұсынудан бас тартты

1 653 просмотра

РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей қандай жағдай болмасын Сирия президенті Башар Асадқа өз қызметінен кетуді ұсынбайтынын айтты, себебі бұны тек Сирия халқы жасай алады. Лавров бұндай ойды RT телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Лавровтың айтуынша, аймақтың бірқатар елі Мәскеуге Асадты қызметінен кетіруді ұсынды, дегенмен Ресей «пошта тасушы» болмайтынын және мүдделі мемлекеттер осындай мәселелерді Асадтың өзімен тікелей талқылауы керек екендігін айтты, деп хабарлады Лента.Ру.

«Біз режимдерді ауыстырумен айналыспаймыз», - деп атап өтті ресейлік СІМ басшысы.

Сондай-ақ, Лавров Башар Асад үкіметінің химиялық қару қолдану мүмкіндігі туралы мәселені қозғады. СІМ басшысының пікірінше, басқарушы режим бұл қадамға бармайды, себебі бұл «саяси жағынан өзін өзі жою болады». Лавров Ресейде Сирия ішінде химиялық қаруды тасымалдау туралы ақпараттың бар екендігін айтты. Дегенмен, Мәскеу мәліметтері бойынша, осылай Асад үкіметі арсеналдардың қауіпсіздігін қамтамыз етуге тырысуда.

Және де, Лавров Асад үкіметі Мәскеуге химиялық қарудың азаматтық соғыста пайдаланылмайтыны туралы бірнеше рет уәде берген болатын деді.

Сириядағы дау-жанжал 2011 жылғы наурыз айынан жалғасып келе жатыр. Құқық қорғаушылардың мәліметтері бойынша, қақтығыс құрбандарының саны 40 мың адамнан асады.

Дереккөз: bnews.kz

24 желтоқсан 2012, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.