Атырау, 26 желтоқсан 20:34
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

ОПЕК мұнай бағасына байланысты жедел жиналыс өткізеді

1 617 просмотра

ОПЕК мұнай бағасы 100 АҚШ долларынан төмендеген жағдайда кезектен тыс отырыс өткізеді. Бұл туралы Иранның мұнай министрі Ростам Гасеми мәлімдеді.

«Болжамдарға сәйкес, 2013 жылы бір баррель үшін мұнай бағасы 100 доллардан асады. Дегенмен, егер бағалар 100 доллардан төмендесе, ОПЕК өндіріс көлемін қысқарту үшін жедел жиналыс өткізеді», - деген Гасемидің сөзін Shana агенттігі келтірді.

ОПЕК министрлерінің 162-ші тұрақты кездесуі кезінде Венада сәрсенбі күні мүше мемлекеттер мұнай өндіру көлемін тәулігіне 30 млн баррель деңгейінде қалдыруға келісті, деп хабарлады Trend.

ОПЕК құрамына 12 мемлекет, атап айтсақ Алжир, Ангола, Венесуэла, Ирак, Иран, Катар, Кувейт, Ливия, Нигерия, БАӘ, Сауд Арабиясы және Эквадор кіреді.

Дереккөз: bnews.kz

24 желтоқсан 2012, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.