Атырау, 18 сәуір 05:27
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Италия Парламенті отставкаға жіберілді

1 783 просмотра
 
Италия Президенті Джорджо Наполитано ұлттық парламентті тарқатып жіберді, деп хабарлайды Reuters.

Бұған негізгі себеп ретінде үкіметтік дағдарыс аталды.

«Дәл қазір мен Парламентті тарқату туралы қаулыға қол қойдым», - деп мәлімдеді Джорджо Наполитано саяси партиялар көшбасшыларымен болған кеңестерден кейін журналистерге берген сұхбатында. Расталмаған мәліметтер бойынша, Италияда парламенттік сайлаулар 2013 жылдың 24 ақпанына белгіленді.

Жуырда президент Италияның премьер-министрі Марио Монтидің отставкаға кету туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл, ел үкіметін автоматты түрде отставкаға жіберді. Бұл ретте, М.Монтидің кабинеті өзінің уәкілеттігін жаңа үкімет жасақталғанға дейін жүзеге асыра беретін болады.

Премьер-министр лауазымы үшін қайта күресу ниеті туралы экс-премьер және «Бостандық халқы» партиясының көшбасшысы Сильвио Берлускони мәлімдеп те үлгерді. Ол бұл қызметте үш мәрте болды. Еске салайық, Милан соты С.Берлускониді салықтық алаяқтығы үшін бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған болатын.

Осылайша, М.Монтидің үкіметі бір жылдан сәл астам ғана жұмыс істеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 желтоқсан 2012, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.