Атырау, 27 желтоқсан 00:57
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Астана әуежайында өзін жарамын деп қорқытқан жігіт Еуропа елдерінің біріне ұшырып жіберуді талап етті

1 710 просмотра

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Степногор қаласының 18 жасар тұрғыны Астананың полицейлері мен арнайы қызметтерін аяқтарынан тік тұрғызды.

Астаналық әуежайға келген жігіт оған Еуропа елдерінің біріне ұшыруды ұйымдастырмаса өзін өзі жарып жіберетінін айтты. ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға 21 желтоқсан күні түнде болған.

 «Сағат 22:10-да Астана қалалық көліктегі ІІД полициясының әуежайдағы желілік бөліміне патрульдік күзетшіден әуежай ғимаратына қолдан жасалған жарылғыш құралы бар жилет киген белгісіз біреудің жақындап келе жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған азаматты кезекші жасақ тоқтатты. Ол өзін жарып жіберемін деп қорқытып, оны Еуропа елдерінің біріне ұшыруды талап етті», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Желілік полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді, оқиға орнына Астананың көліктегі ішкі істер, ҰҚК, төтенше жағдайлар департаменттерінің және прокуратураның қызметкерлері шықты.

Жақында болатын рейске отыру басқа ғимараттан болатынына сілтеген полицейлер бұл адамды әуежайдан шығарып, қала жағына қарай 200 метр жерге апарды.

«Желілік полиция бөлімінің бастығы белгісіз адаммен байланысқа шығып, оны Астана қалалық ІІБ-ның патрульдік көлігіне отырып, жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында оны Пригородный кентіндегі гараж сілеміне қарай қауіпсіз қашықтыққа өзі жеткізді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Көліктің ішінде өткізілген келіссөздерден кейін белгісіз азамат жилетін шешіп, желілік полиция бөлімінің ғимаратына барды. Тексеру барысында Астана қалалық ІІД-нің арнайы әрекет ету бөлімшесінің саперлері жарылғыш заттың муляж болып табылатынын анықтады.

Ер адамның есімі анықталды - ол Ақмола облысындағы Степногор қаласының 18 жасар тұрғыны, бұрын ұрлық үшін сотталған. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды, ҚР ҚК-нің 242 бабымен (лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) қылмыстық істі қозғау мәселесі шешілуде.
Дереккөз: inform.kz

22 желтоқсан 2012, 19:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.