Атырау, 25 қараша 04:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Исатай ауданында шопан жоғалып кетті (толықтырылды)

2 295 просмотра

Желтоқсанның 22-сіне қараған түні ТЖ департаментінің кезекші бөліміне Исатай аудандық ТЖ бөлімінің бастығынан Аққыстау аудан орталығынан 45 шақырым қашықтықтағы Нарын селолық округінде далалық жерден өзінің отар қойымен бірге 61 жастағы шопанның қыстаққа оралмағаны туралы хабарлама түскен.

Жоғалып кеткен шопанды іздестіру шараларын Исатай аудандық ТЖ бөлімі, аудан әкімдігі және «Сазан-Құрақ» ЖШС (К-700 тракторы мен «Урал» автокөлігі) қолға алған.

ТЖ департаменті хабарлағандай, шопан өзінің қойларымен бірге "Сазан-Құрақ" мұнай компаниясының Мыңтеке кен орны аумағынан табылды. Қайтар жолдан адасып қалған қойшы далалықта жұмыс істеп жатқан мұнайшылар бригадасына шыққан. Мұнайшылар оған машинада тамақ беріп, жылынуына мүмкіндік жасаған. 

Сонымен бірге, сол Исатай ауданында боран кезінде екі жолаушы отырған УАЗ автокөлігі де жоғалып кеткен. Бүгінгі күннің мәліметі бойынша, сағат 14 -те іздеу тобы Аққыстаудан 45 шақырым жердегі далалықта моторы өшіп қалған машинаны тапқан. Адамдар аман-сау, зардап шеккен ешкім жоқ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
 

22 желтоқсан 2012, 19:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.