ҚХДР басшысы Ким Чен Ын ғарыш саласын дамыту үшін ғалымдарға қуатты зымыран тасығыш жасауға бұйрық берді. Бұл туралы Утро.ru хабарлайды.
Солтүстік Корея басшысы 12-ші желтоқсанда «Ынха-3» ұшағының сәтті ұшырылуына арналған шарада ғалымдарға, техниктер мен басқа да мамандарға осындай бұйрық берген.
«Сіздерге көптеген жерсеріктер жасап, ұшыру керек, оның ішінде коммуникациялық бағытта ғана емес, жүк тасымалдау қуаты жоғары зымыран тасығыштар да жасалсын», деді Ким Чен Ын.
Естеріңізге саламыз, «Ынха-3» ұшағы 12-ші желтоқсанда ұшырылған болатын. Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты елдер құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді деп санайды.
Дереккөз: bnews.kz