Атырау, 27 желтоқсан 02:32
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Журналист Лұқпан Ахмедияровқа шабуыл жасағандар ұсталды

1 826 просмотра

Орал қалалық соты журналист Лұқпан Ахмедияровқа шабуыл жасады деген айып тағылған БҚО-ның төрт тұрғынын қамауға алуға рұқсат етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қолдаухатты сотқа тергеу органдары жолдаған. Тергеу бұл қылмыс аса ауыр санатқа жатады деп санаған. Күдіктілер істі тергеу жұмысына кедергі келтіріп, сондай-ақ қылмыстық іздеу органдарынан жасырынуы мүмкін.

«Қамауға алынған азаматтарға ҚР ҚК 2-бөлімі 96-бабы бойынша айып тағылды. Олардың жасы 24-26 аралығында. Олардың бірі осы жылы бір адамға дене жарақатын салып, соңы қайғылы аяқталған қылмыс бойынша да айыпталуда», – деді Орал қалалық сотының төрағасы Ғалымжан Ишанов.

Еске сала кетсек, «Орал апталығы» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедияровқа ағымдағы жылдың 19 сәуірінде шабуыл жасалған болатын. Журналистті 8 жерден пышақтап, 3 рет оқ атқан.  

Дереккөз: bnews.kz

22 желтоқсан 2012, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.