Атырау, 2 маусым 03:49
 дождьВ Атырау +16.3
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Ертең де осылай болады

3 022 рет қаралды

Метеорологтар ертең, 22 желтоқсанда ауа-райы бүгінгідей болады деп болжам жасап отыр.

«Атырау гидрометеорология орталығы» ЕМК метеоболжам бөлімінің бастығы Күлайна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, 22 желтоқсанда қала бойынша қар, бұрқасын болады деп күтілуде. Шығыстан секундына 9-14 метр, кей кездері 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.  

Температура түнде 9-11, күндіз 7-9 градус аяз болады. Облыс бойынша кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, шығыстан секундына 9-14 метр, кей жерлерде 15-20 метр жылдамдықта жел соғады, түнде жел екпіні секундына 17-22 метрге жетеді. Температура түнде 8-13, күндіз 6-11 градус нөлден төмен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 желтоқсан 2012, 23:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.