Атырау, 22 желтоқсан 19:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ақтөбе облысында құрбысын ұрып-соққан оқушы қыздар кешірім сұрады

Бейнежазба
5 135 рет қаралды

Ақтөбеде сыныптасын ұрып-соққан қыздардың кешірім сұрағаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Видеода төбелес шығарған қыздардың сыныптасының ата-анасынан кешірім сұрағаны көрінеді.

"Адам қатты ашуланғанда не істемейді, сондықтан мен оның шашынан сүйредім. Мен осы үшін кешірім сұраймын, бұл менің кінәм, бәріне жауап беремін, ешкім кінәлі емес, қыздар қасымда жай жүрді. Мен оны құшақтап, кешірім сұрадым, мені кешіріңіз, бұл ашуланғандықтан болды. Кешеден бері жылап жүрмін", - дейді қыз видеода.

Еске салайық, мұның алдында ақтөбелік оқушы қыздардың төбелесі түсірілген видео тараған болатын. Бұл оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған еді.

22 қыркүйек 2020, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.