Атырау, 28 маусым 22:58
 снегВ Атырау +24.6
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Ақтөбелік оқушы қыздардың төбелесі түсірілген видео тарады

Бейнежазба
5 860 рет қаралды

Әлеуметтік желілерде ақтөбелік оқушы қыздардың төбелесі түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған. Кадрларынан бірнеше оқушы қыздың сыныптасын ұрып-соғып жатқаны көрінеді. 

Темір аудандық полиция басқармасындағылар бұл деректің тексеріліп жатқанын айтты.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, үш 9-сынып оқушысы сыныптастарын азғындық әрекеті үшін ұрып-соғып, барлығын ұялы телефон камерасына жазып алған.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ауданның білім беру мекемелерінде профилактикалық әңгімелер өткізді", - деді  Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
22 қыркүйек 2020, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.