Атырау, 25 қараша 04:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мектепке жету мұң боп тұр

3 151 просмотра

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Атырау қаласының мектептеріндегі сабақтар 45 минуттан 35 минутқа дейін қысқартылды.

Сабақты толықтай тоқтату туралы әзірге әңгіме қозғалған жоқ. Білім және ғылым министрлігінің нұсқаунама хатына сәйкес, бұл ауа температурасы 25 градустан төмен болған жағдайда ғана жасалады екен.

Жергілікті атқару органдары ТЖ департаментінің мәліметтеріне сүйеніп, шешім қабылдайды. Температура минус 25 белгісіне жеткен жоқ, бірақ қар мен бұрқасын жағдайды қиындатып тұр. Біз ахуалды бақылауда ұстап отырмыз, аудандарға телефон соғып тұрамыз, - дейді облыстық білім беру басқармасының орынбасары Зылиха ДҮЙСЕКЕНОВА.

Облыс бойынша ауа-райы барлық жерде бірдей. Исатай мен Махамбет аудандарында ауа-райы Атыраудағыдай.  Ал Құрманғазы ауданында жылырақ және мұндай жел жоқ. Әзірге қала мектептерінде сабақтар уақыты 35 минутқа дейін қысқарды. Дегенмен, кейбір ата-аналар сабақтың тоқтатылуын күтпей, жолдардағы кептелістер салдарынан ертең балаларын сабаққа мүлдем жібермеуді ұйғарған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 желтоқсан 2012, 23:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.