Атырау, 22 желтоқсан 12:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Нұр-Сұлтан қаласына жабайы қабандар кіріп кетті

2 734 рет қаралды

Елорда тұрғындары түнде қалада жүрген бірнеше жабайы қабанды видеоға түсіріп алды. Қазір экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарлардың Нұр-Сұлтанға қалай кіріп кеткенін анықтап жатыр, - деп хабарлайды sputniknews.kz

Қаланың орталық даңғылында жүрген қабандар жайлы видеоны Instagram желісіне zhaloby_astana паблигінің қолданушылары жариялады. Видеодан топтасқан жануарлардың жол бойымен жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Автордың айтуынша, бұл Тұран даңғылында "Астана Арена" стадионының жанында болған.

Елорда тұрғындары Нұр-Сұлтанға жабайы қабандар қайдан келгенін біле алмай дал.

Sputnik Қазақстан экология министрлігінен жағдайды түсіндіруді сұрады. Ведомствоның баспасөз қызметі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары мән-жайды анықтап жатқанын хабарлады.  


21 қыркүйек 2020, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.