Көпбалалы аналар 153 миллиард теңге жәрдемақы алды - еңбек министрлігі

408 рет қаралды

Қазақстанда 2020 жылдың басынан бері көпбалалы аналарға жалпы сомасы 153,3 миллиард теңге болатын жәрдемақы төленді, деп хабарлайды sputniknews.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл жәрдемақыға кірісіне қарамастан төрт және одан да көп баласы немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар отбасылар үміттене алады. Төлем мөлшері балалар санына байланысты сараланған – 44 532 теңгеден бастап (4 бала) 77 951 теңгеге (7 бала) дейін, 8 және одан көп баласы бар отбасылар үшін - әр балаға 4 АЕК.

"2020 жылдың қаңтарынан тамызына дейін 390 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған жалпы сомасы 153,3 миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік жәрдемақымен қамтамасыз етілді. Тамыз айында жалпы сомасы 19,7 миллиард теңге болатын жәрдемақының бұл түрін 394,1 мың отбасы алды", - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.    

8 балалы отбасыға берілетін жәрдемақы 88 896 теңге болса, 9 балаға 100 008 теңге, 10 балаға 111 120 теңге, 11 балаға - 122 232 теңге, 12 балаға 133 344, 13 балаға 144 456 теңге, 14 балаға 155 568 теңге, 15 балаға 166 680 теңге, ал 16 баласы бар отбасыға 177 792 теңге төленеді.

Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге бюджеттен 191,1 миллиард теңге қарастырылған.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмысы нашар және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы анаға беріледі.

Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, осыған байланысты 8 және одан көп баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері қайта есептелді. Сонымен, осы жылдың шілде айында мұндай отбасылар жаңа мөлшердегі жәрдемақы, сондай-ақ, қаңтардан маусымға дейінгі аралықтағы айырмашылығын алды.


21 қыркүйек, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.