Атырау, 22 желтоқсан 12:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

2 610 рет қаралды

Қазақстан Үкіметі әлемдік пандемияға байланысты елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға елде тұру мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазақстан Үкіметі әлемдік пандемияға байланысты елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға рұқсат мерзімін 1 қарашаға дейін созу туралы шешім қабылдады. 2020 жылдың 16 наурызы мен 1 қарашасы аралығында мерзімі өтіп кеткен құжаттар ғана қабылданады. Сонымен бірге, елімізге визасыз келіп, қайта еліне оралып үлгермеген шетелдіктер үшін 1 қарашаға дейін тұруға рұқсат беріледі. Ең маңыздысы – 1 қарашаға дейін елде қалу мерзімін бұзып, кете алмай қалғаны үшін шетелдіктерді және оларды қарсы алған азаматтар да әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, - деді Нұрділдә Ораз.

21 қыркүйек 2020, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.