Атырау, 22 желтоқсан 12:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстандықтарға Ресейге кіруге рұқсат етілді

2 656 рет қаралды

Ресей үкіметі Қазақстан азаматтары және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтарға Ресейге кіруге рұқсат етті, - деп хабарлайды Тengrinews РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, елдер арасында рейс аптасына бір рет болады. Қазақстанмен (Нұр-Сұлтан), Қырғызстанмен (Бішкек) және Беларусьпен (Минск) әуе қатынасы 21 қыркүйекте, ал Оңтүстік Кореямен (Сеул) 27 қыркүйекте ашылады.

"Тағы төрт елдің - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Корея азаматтары үшін коронавирус таралуына байланысты Ресейге кіруге қойылған шектеулер алып тасталды. Бұл туралы үкіметтің қаулысы шықты", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан ҰҚК қызметкерлері тек әуе қатынасы ашылатынын атап өтті.

21 қыркүйек 2020, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.