Атырау, 1 қараша 00:39
 ашық В Атырау +11
$ 432.64
€ 505.02
₽ 5.47

Көкшетау тұрғыны Андронов мәдениетіне тән ыдыстардың сынықтары мен сүйектер тапты

612 рет қаралды

Көкшетау тұрғыны балық аулау кезінде қола дәуіріндегі Андронов мәдениетіне жататын керамикалық ыдыстардың сынықтары мен сүйектерді тауып алды. Бұл туралы облыстық тарихи-өлкетану мұржайының директоры Қуаныш Шақшақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны Камиль Усманов балық аулап жүріп мұндай олжаға кенелемін деп ойлаған жоқ. 

«Жексенбі күні достарымен бірге Шағалалы су қоймасына балық аулауға бардық. Жағадағы топырақты су шайып, опырылып түсті. Сол жерден біз көп сүйекті таптық. Бұл мені қызықтырды, осындай жерлерден тарихи ескерткіштер табылатынын оқыған едім. Төрт тіс таптым. Маған ол өте үлкен көрінді. Кейін біз Березовка жағына бардық. Ол жерде су қоймасының өзенге құятын тұсында биік жар бар. Сол жерде біз керамикалық ыдыстардың сынықтары мен ұсақ моншақ таптық», - дейді Камиль Усманов. 

Ер адам тапқан тарихи құнды олжаларын Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұржайына тапсырған. Белгілі болғандай, көне жәдігерлер қола дәуіріне тиесілі. 

«Табылған керамикалық ыдыстардың сынықтарында геометриялық оюлар бар. Сол себепті, біз оны шамамен Алакөл мәдениетіне тән деп отырмыз. Біз барлық археологиялық ескерткіштердің мәліметтерін қарап шықтық. Олардың арасында осы жерлеу рәсімі тіркелген жоқ. Оның ерекшілігі ол топырақпен жерлеу қатарына жатады, үстінен көмілмеген. Қасында қола дәріндегі тұрақ болған. Мен өзім оны осында жерленген деп есептеймін. Өйткені, ол жай адам емес, шаман немесе көсем болуы мүмкін. Сол себепті, тұрақта, рухы қорғаштап жүрсін деп жерленген», - дейді Қуаныш Шақшақов. 

Мұражай директоры атап өткендей, көне жәдігерлер табылған аумақта алдағы уақытта зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

19 қыркүйек, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.