Атырау, 29 наурыз 15:58
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қапшағайда жол жөндеуге бөлінген ақша жымқырылды

2 948 просмотра

Қапшағай шенеуніктері жолдарды жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте "Қапшағай автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің" лауазымды тұлғаларына қатысты ақша жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталды.

Шенеуніктер орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып, ЖШС шотына ақша аударған, бірақ іс жүзінде жөндеу аяқталмағаны хабарланды. Бұл Заречныйда болды.

"Бұл мемлекетке 14 миллион теңгеден астам ірі көлемде залал келтірді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді", - деді Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

18 қыркүйек 2020, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.