Атырау, 25 сәуір 11:27
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Әлекке салған «ақырзаман» (+фото)

2 825 просмотра

21 желтоқсанда орын алады деп күтілген ақырзаман күшті жел мен қарға ұласты. Бұл әдеттегідей біздің коммуналдық қызметтер үшін күтпеген, ал көлік жүргізушілер үшін сұмдық жағдайға айналды.

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ директоры Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ айтуынша, Атырауда жауған қарды тазартуға қылшығы бар 4 МТС-80 тракторы және жол тазартуға арналған күректермен жарақталған 16 жүк көлігі жұмылдырылған. Олар қазір Азаттық пен Сәтпаев даңғылдарында, Махамбет, Тайманов көшелерінде жұмыс жасап жатыр екен. Аталмыш техника «Арнаулы автобаза» КМК-ға тиесілі. Қар әлі де жауатын болса, өнеркәсіптік кәсіпорындар техникасы жұмылдырылатын болады. Осыған тиісті тізімге қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ қол қойған. Механизмдермен қатар қармен күресуге екі жүз аула тазалаушылар тартылды. Біз қала көшелерімен жүріп өткен едік. Жер-жерде күректерімен қар күреген аула тазалағыштар жұмыс жасап жүр, ал техникалар көп көріне қоймады.

Қаланың әр жерінде, әсіресе көпірге шығатын және түсетін бөлігінде кептелістер орын алған. Жол бойына жол полициясының бүкіл басқарма аппараты мен инспекторлар құрамы шығыпты.

Ауа-райына байланысты көліктің орташа қозғалу жылдамдығы сағатына 30шақырымды құрап отыр. Біздің қызметкерлеріміз қаланың ең қауіпті жерлеріндегі қозғалысты реттейді. Кезекшілік кестесі бекітілді. Жолдағы жағдай тұрақталғанша біздің қызметкерлеріміз үнемі кезекшілік ететін болады, – деп хабарлады телефон арқылы ІІД ЖПБ бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ. Оның айтуынша, таңертеңнен бері бірнеше ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бағына қарай, жылдамдықтың аз болуы ірі апаттарға жол бермей отыр. Көлік жөндеу орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болған. Көптеген көліктер мен автобус қожайындары жазғы шиналарын қысқы түріне ауыстыруға жапа-тармағай енді кіріскен. Такси диспетчерлеріне хабарласу өте қиын, ал жолы болғыштарға кем дегенде бір сағат күтуді өтінеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ

21 желтоқсан 2012, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.