Атырау, 19 сәуір 08:49
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстандық банк лицензиясынан айырылды

3 076 просмотра

"Tengri Bank" АҚ банк операциялары мен бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиядан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Банкті лицензиядан айыру туралы қаулы 17 қыркүйекте рәсімделді. Өйткені, қаржы ұйымының қызметінде бірқатар тәртіп бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда:

  • Ұлттық банктің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі №170 қаулысымен белгіленген пруденциялық нормативтері мен Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу;
  • Агенттік қолданған қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
  • Банктің меншікті капиталын ұлғайту мақсатында қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қабылдау туралы агенттік талаптарын банк холдингінің орындамауы сияқты заңбұзушылықтар анықталған.
"2020 жылдың 18 қыркүйегінен бастап банкке 2020 жылдың 3 ақпанында банк ісі мен өзге де операциялар және бағалы қағаздар нарығында қызмет жүргізуге берілген №1.2.53/43 лицензиядан айырылсын", – делінген қаулыда.

Бұдан бөлек, құжатта бірқатар шаралар көрсетілген. Яғни, банктің тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге банктің уақытша әкімшілігінің басшысы мен мүшелері тағайындалады.

Сонымен қатар, заң департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы сотқа өтініш дайындау керектігі айтылған.


18 қыркүйек 2020, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.