Атырау, 25 қараша 04:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«АтырауБалық» жалақы қарыздарынан құтылды

2 848 просмотра

Естеріңізге салсақ, бұл кәсіпорын өз қызметкерлеріне бірнеше айдан бері жалақыларын бермей келген болатын. Осыған байланысты олар үстіміздегі жыл ішінде екі рет кеңсе алдына жиналып, наразылықтарын білдірген еді.

- Прокуратура мен облыстық әкімдіктің бірлесе қабылдаған шаралары нәтижесінде «АтырауБалық» АҚ жаңа жылдық мереке алдында 418 қызметкеріне жалпы сомасы 49,5 млн теңге көлемінде жалақыларын берді, - дейді облыстық прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтарға бақылау жасау басқармасының бастығы Қайрат УТЕУЛИЕВ

Бұған дейін «АтырауБалық» (қазір оны банкрот деп тану үшін сот процесі болып жатыр) ұжымына аз да болса ақша төлеу үшін жабдықтарының бір бөлігін, соның ішінде жүзбелі зауытын сатқан болатын. Айтпақшы, сотта кәсіпорын иелігінде басқа да мүліктер, қымбат жер телімдері мен автокөліктер бар екені анықталды.

Осы жолы ақша қайдан табылды? «АтырауБалық» директоры Александр ПЯК телефон арқылы бұл сұраққа жауап бере алмайтынын айтып, өшіріп тастады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

21 желтоқсан 2012, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.