Атырау, 22 желтоқсан 09:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Елімізде 4-5 банкте кредиті барларға кешірім жасамасақ болмайды – Айқын Қоңыров

6 754 рет қаралды

Қазақстан коммунистік халық партиясы халыққа кредит рақымшылығын жасау бастамасына байланысты жиын өткізді.

Кеше кередит төлей алмай отырғандардың проблемасын айтқан депутат Айқын Қоңыров экономикалық құлдыраудың себебін түсіндірді.

Оның айтуынша, кредит төленбесе, экономика деградацияға ұшырайды

«Кеше өздеріңіз білетіндей, біз халықтың, шағын және орта бизнестің несиеге батып кеткенін айтып, Үкіметке сауал хат жолдаған едік. Біз жалпы халықпен етене жақын жұмыс жүргіземіз. Көбінің мәселесінен хабарымыз бар. Азаматтардың көбі несие жүктемесіне байланысты қиналатынын айтады. Себебі халықтың ішінде 4-5 банкте қарызы бар азаматтар бар. Оларды өтеу тым қиын. Халықтың көбі осындай тығырықта тұр», – дейді Айқын Қоңыров.

Оның айтуынша, қазіргі заңнамаға сәйкес азаматтардың алған қарызы үшін банктер мен микроқаржылық ұйымдардың алдындағы жауапкершілігі күшейген.

Қаржылық институттар қайтарылмаған қарыздар үшін азаматтардың құқығын шектеуге құқы бар.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан халқының 90 пайызында кредит бар. Енді көп адамда несие алатын жағдай да жоқ. Себебі, жаңадан қарыз алу үшін ескісін жабуың керек. Ал ескі несиені жабу үшін табысың болуы тиіс. Девальвацияға байланысты халықтың табысы кеміді. Сол себепті, халықта оны жабар шама да жоқ.

17 қыркүйек 2020, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.