Атырау, 22 желтоқсан 09:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"Қазақстан аруы-2020" байқауы биыл пандемияға байланысты өтпейді

2 381 рет қаралды

Қазақстанда биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауы өткізілмейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық сұлулық байқауының дирекциясына сілтеме жасап. 

"Қазақстан аруы" баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биыл байқау ұйымдастырушылары мен қатысушылары қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға айрықша назар аудармақ.

"Осындай қиын кезеңде финалды ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, біз бар күш-жігерімізді "Сұлулық мейірімділікте" әлеуметтік жобасын дамытуға бағыттауға ниет танытып отырмыз. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында, сондай-ақ, еріктілер қозғалысы мен қайырымдылық жобаларына белсенді түрде қатыса отырып қана біз көрінбейтін жауды жеңе аламыз", - деді байқаудың директоры Алена Кырбасова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатаң карантиннің алғашқы күнінен бастап, сұлулық байқауының әр жылдардағы финалистері еріктілер қозғалысына қатысып келеді. Олар азық-түлік толтырылған себеттерді дүкенге шығуға қауқарсыз мұқтаж қарияларға, тәулік бойы жұмыс істейтін дәрігерлерге жеткізген.

Сонымен, биыл "Қазақстан аруы" байқауының онлайн форматындағы өңірлік іріктеу турлары ғана өтеді.

Биыл "Әлем аруы" байқауы да өтпейтін болды.

17 қыркүйек 2020, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.