Атырау, 22 желтоқсан 09:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ақтауда үйлену тойын өткізген шенеунік жазаланбады

2 891 рет қаралды

Ақтауда үйлену тойын ойнаған шенеунік еңбек демалысында болғандықтан жазаланбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері айтты. Олардың айтуынша, шенеунік 25 тамыздан бастап еңбек демалысында.

"Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасының газ, газбен жабдықтау саласындағы бақылауды жүзеге асыру және ТКШ объектілерінде қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау бөлімінің бас маманы Жанболат Жақыпов 2020 жылдың 25 тамызынан бастап жыл сайынғы еңбек демалысында. Заңға сәйкес Жақыповқа қатысты мәселелер демалыс аяқталғаннан кейін қаралаады", - деді Маңғыстау облысының әкімдігінің өкілдері.

Алайда санитар дәрігерлер карантин кезінде үйлену тойын өткізген Жанболат Жақыповқа 83 000 теңге айыппұл салған.

17 қыркүйек 2020, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.