Атырау, 25 сәуір 14:13
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау облысында тұрба құбырынан мұнай төгілді (+фото)

5 672 просмотра

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 20 желтоқсанда 17 сағат 00 минутта Исатай аудандық ТЖ бөлімі бастығынан телефон арқылы Аққыстау поселкесіне жақын маңда, Атырау-Астрахан трассасынан 300 метр қашықтықтай жерде «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ «Гран» кенішінің (диаметрі 159 мм) технологиялық тұрба құбырынан мұнай эмульсиясы төгілгендігі туралы хабарлама түскен. 

Төгінді алаңы 600 шаршы метрдей құрапты. Оқиға орнына аудандық ТЖ қызметі мен прокуратура қызметкерлері келіп жетті. Қазіргі уақытта «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ күшімен ластанған аумақтарды тазарту мен тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Апат себебі анықталуда.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суреттер Исатай аудандық прокуратурасынан алынды

21 желтоқсан 2012, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.