Атырау, 22 желтоқсан 10:59
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Корея елшілігі Республика күнін атап өтуге бөлінген қаржыны қайырымдылыққа жұмсады

2 493 рет қаралды

Бүгін Нұр-Сұлтандағы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қарттарға қызмет көрсететін орталық) Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі атынан қайырымдылық көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік Корея жыл сайын 3 қазанда Корея Республикасының құрылған күнін атап өтеді. Коронавирус пандемиясына байланысты жағдайды ескере отырып, Кореяның Қазақстандағы елшілігі мерекені атап өтуге бөлінген ресми қаржыны қайырымдылық акциясына жұмсауды жөн көрді.

Соның аясында Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок мүгедектер арбасы, қозғалыс құралдары, тұрмыстық бұйымдар, дене температурасын өлшейтін құрылғыны "Шарапат" орталығына табыс етті. Сыйлықтың көлемі 2 200 000 теңге болды.

"Біздің бүгінгі қайырымдылық акциямыз арқылы алынған бұйымдар қарт кісілерге күнделікті өмірде көмек көрсетеді деген үміттемін. Мұндай акция әлі жалғасады. Корея Республикасы - Қазақстанның стратегиялық серіктесі, сондықтан елдегі коронавирус пандемиясымен күреске белсене атсалысады", - деді дипломат Ку Хонг-сок.

Сондай-ақ орталықтың басшысы Рысты Баймағамбетова елшілікке алғысын айтты.

"Бұл көмек орталық үшін бағалы және өте қажет. Корея Республикасының елшілігіне қамқорлығы мен жәрдемі үшін алғыс айтамыз", - деді басшы.
16 қыркүйек 2020, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.