Атырау, 26 сәуір 07:19
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Министрлік 25 ЖОО-ның 60 лицензиясын қайтарып алды

2 543 просмотра

Білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнының 60 лицензиясын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 жоғары оқу орнының кадрларды дайындау бағыттары бойынша лицензияларға 60 қосымшасын қайтарып алды. Олардың басым бөлігі Комитеттің тексерісінен кейін қайтарылды.

Негізінен бұл ЖОО-лар "Педагогикалық ғылымдар", "Өнер", "Гуманитарлық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары", "Техника ғылымдары", "Қызмет көрсету" және "Әлеуметтік жұмыс", "Әлеуметтік ғылымдар" бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырды", - делінген хабарламада.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ЖОО-лардың нормативтік құқықтық актілерді сақтамағаны анықталды. Олқылықтарға негізінен талапкерлерді қабылдау, профессор-оқытушылар құрамның (ПОҚ) біліктілігін арттыру, профессор-оқытушылар құрамын конкурс арқылы алмастыру, профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу және т.б. бойынша жол берілгені айтылады.

16 қыркүйек 2020, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.