Атырау, 22 желтоқсан 11:01
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

4 755 рет қаралды

Депутат Айқын Қоңыров Қазақстанда пандемияға дейін салықты уақтылы төлеп келген жеке және заңды тұлғаларға кең көлемді несие амнистиясын жүргізуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елімізде шектеу шараларына дейін салықты дұрыс төлеген, жұмыс орындарын құрған және төтенше жағдайды, карантин мен локдаунды енгізу нәтижесінде несиелерге қызмет көрсету бойынша қиын жағдайға тап болған, өз құқықтары шектелген қаржы институттарының қысымымен қалу қаупі бар жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды кредиттік рақымшылық жүргізу қажет",- деді Қоңыров.

Егер бұрын қазақстандықтар тұрмыстық техника, қымбат киім-кешек сатып алу үшін, түрлі отбасылық іс-шараларға қарыз алса, қазір шектеу шаралары кезінде қарыздар оқуға, емделуге, әдеттегі киім мен тамақтануға алынып жатыр дейді депутат.

16 қыркүйек 2020, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.