Фото дереккөзі: fifa2010.rambler.ru Диего Марадона Ирак құрамасының бас жаттықтырушысы атанды. Бұл туралы 20 желтоқсанда аргентиналық Canchallena.com спорт порталы Марадона агентінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Агенттің сөзіне қарағанда, Марадона Ирак Футбол федерациясынан құраманы басқару жөнінде ресми ұсыныс алған және оған келісім беріп отыр. Жұма, 21 желтоқсанда федерацияның атқарушы комитеті келісімшарттың қаржылық бөлігін бекітіп, ресми түрде жариялауы тиіс, деп жазады Лента.Ру.
Марадонаның жаттықтырушы ретіндегі соңғы жұмыс орны Біріккен Араб Әмірліктерінің «Аль-Васль» клубы болды. Аргентиналық командаға басшылық жасауға 2011 жылдың мамырында келген еді, бірақ «Аль-Васль» басшылары клубтың нашар көрсеткіштеріне көңілі толмай, онымен жасалған келісімшарт мезгілінен бұрын тоқтатылды. Соған қарамастан, Марадона команданың техникалық кеңесшісі лауазымын сақтап қалды.
Дереккөз: bnews.kz