Атырау, 22 желтоқсан 11:02
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"Барлығымыз балалар мектепке барғанын қалаймыз" - ДДҰ басшысы

2 678 рет қаралды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус коронавирус пандемиясы кезінде оқушылардың білім алуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз барлығымыз балалардың мектепке барғанын қалаймыз және біз мектептердің олар үшін қауіпсіз және қолайлы оқу ортасы болғанын қалаймыз. Мектеп - қоғамның бір бөлігі. COVID-19 таралу қаупін азайту үшін қоғамда қабылданған шаралар мектептердегі қауіпті азайтады", - деді ол.

ДДҰ басшысы кей елде мектептер қайта ашылғанын атап өтті.

"Елдерді кез келген жағдайда қолдау үшін ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және ДДҰ кеше мектептерге қатысты денсаулық сақтау шаралары туралы жаңартылған нұсқаулық жариялады. (...) Мектептер жабық болған кезде білім беру қашықтан жүргізілуі керек", - деді Тедрос Аданом Гебрейесус.
16 қыркүйек 2020, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.