Атырау, 22 желтоқсан 19:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тұрғындардың атынан онлайн-кредит рәсімдеген алаяқ ұсталды

3 024 рет қаралды

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың атына заңсыз онлайн-кредит рәсімдеген 40 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшылары алаяқ қаржы ұйымдарының менеджерлерін алдап, олардан астаналықтардың жеке деректерін алып, тұрғындардың атына онлайн-кредит рәсімдегенін айтады. Ол дербес деректерді пайдаланып, жәбірленушілердің есептік жазбасына кіруге мүмкіндік алған. Кейін кредит алып, ақшаны виртуалды карта немесе электронды әмияндар арқылы алған.

"Осылайша, күдікті тұрғындардың атына онлайн-кредит рәсімдеген. Бүгінде алаяқтың әрекетінен 50-ге жуық адамның зардап шеккені анықталды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің IP-мекенжайын анықтап, оны ұстады", - делінген хабарламада.

40 жастағы ер адам уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Ақпараттық жүйенің пайдаланушысына қатысты жасалған алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті бірнеше рет алаяқтық үшін сотталды. Соңғы рет ол осыдан 2 жыл бұрын ұсталып, сот оны 2 жылға бас бостандығынан айырған", - делінген хабарламада.
15 қыркүйек 2020, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.