Атырау, 17 мамыр 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Тоқаевтың жаңа кеңесшісі Өзбекстан президентінің кеңесшісі болады

2 407 просмотра

Еуропа Қайта Құру және даму банкінің бұрынғы президенті, Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Сума Чакрабарти Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің кеңесшісі болады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің мені Экономикалық даму, тиімді басқару және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындағанын білгеніме қуаныштымын. Біз оған реформалар бағдарламасын жүзеге асыруда көмектесуге қуаныштымыз", - деп жазды Чакрабарти.

14 қыркүйекте Сума Чакрабартидің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болғаны белгілі болды.

15 қыркүйек 2020, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.