Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Бекшин Алматыда кинотеатрларды ашу туралы сұраққа жауап берді

3 077 рет қаралды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада кинотеатрларды ашу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшин Алматыдағы кинотеатрлар жақын арада ашылмайтынын айтты, өйткені онда коронавирус жұқтыру қаупі жоғары дейді.

"Ведомствоаралық республикалық комиссия отырысы өтті, кинотеатрлар бойынша сұрақ қойылды. Бірақ комиссия бізде кинотеатрларды ашатындай жағдай тұрақты емес деп санайды.
Бұл табиғи түрде желдетілмейтін жабық бөлме екенін ескерген жөн. Келушілер сол жерде бір жарым сағатқа жуық болады. Екі сериядан тұратын фильмдер бар-  2,5 сағат. Бұл қауіп төндіреді. Сондықтан кинотеатрларды ашу мәселесі қарастырылмайды", - деді Жандарбек Бекшин.
15 қыркүйек 2020, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.