Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Ломбардтар төңірегіндегі дау: жеті адам әлі іздестіріліп жатыр

2 374 просмотра

 "Гарант24 Ломбард", "Выгодный займ", Estate Lombard ЖШС істері бойынша 51 адам қылмыстық жауапқа тартылуда. Жеті күдікті іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Гарант24 Ломбард", "Выгодный займ", Estate Lombard ЖШС бойынша ІІМ тергеу департаментіне жәбірленушілерден 17 мыңнан астам арыз-шағым түсті. Келтірілген материалдық шығын 22 миллиард теңгеден асады. Осы ұйымдардың басшыларына қатысты 32 қылмыстық іс тіркелді, 51 күдікті қылмыстық жауапқа тартылуда. Жеті адам іздестірілуде ", - деді Әділов онлайн брифингте.

Ол үш күдікті Молдова, Ресей және Қырғызстаннан Ұлттық ұланның арнайы бортымен жеткізілгенін атап өтті.

Айтуынша, күдіктілерден қолма-қол 70 миллион теңгеден астам ақша тәркіленген. Күдіктілердің екі миллиард теңгеден астам мүлкі тәркіленіп, бұғатталды.

"Жәбірленушілерге мүлікті қайтару мәселесін сот шешеді", - деді Әділов.

Министрліктің ақпаратынша, жыл басынан бері ішкі істер органдарында қаржы пирамидаларын құру және ұйымдастыру бойынша 217 қылмыстық іс тергелді. Оның 116-сы сотқа жолданған. Барлығы 79 күдікті қылмыстық жауапқа тартылуда. Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті түрлі қаржы пирамидаларына қатысты 13 қылмыстық істі тергеп жатыр.

15 қыркүйек 2020, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.