Атырау, 25 қараша 04:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тұмсыққа тірелген коттедж

2 128 просмотра

Бұдан алты жыл бұрын  БРАЖНИКОВТЕР отбасына көршілері келіп, пәтерге функционалдық өзгертулерсіз жалғама салу үшін келісім сұрайды. Көршісінің болашақ кіреберісінің көлемін анықтаған олар (4х4 шаршы метр) қағазға өзімсіне қол қойып жіберді.

ЕКІ ҚАТАРЛЫ ЖАЛҒАМА

Төрт жыл өткеннен кейін 4х4 шаршы метр жалғаманың орнына қала орталығындағы бес қатарлы үйге ыңғайсыз жапсырылған екі қатарлы коттедж пайда болды. Енді бұл 13,5 те 10 метр көлемдегі екі қатарлы орынжайға айналды. Оның иелері сұрақтарға жауап бермек түгілі, амандасуды да қойды.

- Бұл ғимарат біздің көру кеңістігімізді ғана шектеген жоқ, сол сияқты табиғи жарықтың түсуі мен көшеге қарау мүмкіндігімізге кедергі келтіреді және престижді үйдегі (Сатпаев бойындағы жылан үй) пәтерлеріміздің сату құнын да түсіреді. Ол аз дегендей, пәтеріміздің терезесі алдына тақап қондырылған газ қазандығынан газ иісі  терезе ашқанда ішке кіреді, - дейді пәтер иелері.

Осындай көршіліктен көп зардап шеккен Баржниковтер мен Лопытколар көп пәтерлі тұрғын үй терезелерінің алдынан құрылыс салуға рұқсат берудің заңдылығын анықтау үшін ең алдымен қалалық әкімдікке хабарласқан. Ол жақтан бұлардың сенімділігін арттырған жауап келді: қалалық әкімдік пен сәулет-құрылыс бақылау басқармасының арнайы комиссиясы қала әкімі берген шешімге қарамастан құрылыс иесі Мәди КАБЗУЛЬДИНОВ үй салуда құрылыс және заңнамалық нормаларды өрескел бұзағанын анықтады. Қалалық сәулет құрылыс бақылау бөлімінің өзі офистің «бір қатарлы кіру тобының» (кіреберіс жалғама) орнына - бірінші қатары офиске арналған (заңсыз, өйткені, «Профсервис» ЖШС-нде бүгінгі күнге дейін қабылдау, тіркеу актілері жоқ), екінші қатары Кабзульдиновтер пәтерінің жалғасы болған - екі қатарлы коттедж пайда болғанына таң қалды. Осыны негізге ала отырып, ҚСҚБ сотқа «заңсыз құрылысты бұзу туралы» шағым түсірді.

Кабзульдиновтердің алданған көршілері бұл процеске үшінші тұлғалар ретінде қатысты. Олар да құрылыстың бұзылуын талап етті. Сот олардың талаптарын ішінара қанағаттандырды. Айта кетсек, Кабзульдиновтерді Бражниковтар лоджиясына 65 см кіріп кеткендігі үшін қабырғаның бір бөлігін бұзуға міндеттеді. Сот шешімі 2011 жылы 11 тамызда заңды күшіне енді. Бірақ бүгінге дейін орындалған жоқ. Аделина БРАЖНИКОВА, міне, екі жылдан бері сот актілерін орындау департаментін жағалап жүр.

- Осы уақыт ішінде мен президент аппаратына, Бас прокаратураға, Әділет министрлігінің сот актілерін орындау комитетіне хат жолдадым. Тіпті, комитет төрағасының қабылдауында болдым. Алайда барлық өкімдер жоғарыдан сол облыстық сот актілерін орындау департаментіне келіп түсті. Қазіргі уақытта бұл үй негізгі қожайынның Талдықорғандағы енесінің атына тарту ету шарты бойышна жазылған. Осыған байланысты, орындауда қиындықтар туып тұр. Мысалы, сот орындаушылары оған мезгілінде орындамағаны үшін өсімпұл  қосып әсер ету  шарасын қолданды (бұның өзі млн теңгеден асады). Алайда, оның сенімді тұлғалары (Кабзульдиновтер) жазған өтініште 69 жастағы әйел жалғыз табысы – мемлекеттік зейнетақыға сілтеме жасап, сотқа шараны тоқтатуды сұрайды. Бірақ ауданы 190 шаршы метрді құрайтын пәтерді басқа қалада тұратын зейнеткер әйел ұстап отырғанына кім сенеді?! Бұл жауап берушілердің тағы бір айла-тәсілдері ғой.

«БОРЫШКЕРДІҢ ҚАЛАДА ЖОҚТЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ...»

Сот орындаушылар растағандай, бұл жұмыс жасайтын тәсіл.

«Сот шешімін жүзеге асыру барысында сот орындаушы мүліктің орналасу жеріне бірнеше рет барды, алайда, қаладан шығып кетуіне байланысты борышкерді орнынан табуға мүмкіндік болмады».

Сот орындаушылар өз жауаптарында дәрменсіздіктері жөнінде жазады. ІІД де осындай жағдайда – борышкерді сотқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы да орындалған жоқ. Райымқұловаға пошта арқылы хабарлама да жіберілді, бірақ олардан да қайран болмады. Сот орындаушылары өз жауаптарында «...Алайда, сот шешімдері әлі орындалған жоқ» деп жазуды жалғастыруда.

Қалалық соттың шешімімен Райымқұлова мемлекет қазынасына 250 мың теңге төледі, тағы да 792,8 мың теңге төлеу туралы қаулы ұсынылды, бірақ ол «сот шешімін әдейі орындамауда». Енді сот орындаушылары оның атына Қазақстан Республикасынан уақытша шықпау туралы қаулы шығарды.

Алайда, сот шешімі қашан орындалады деген сұрақ ашық күйінде қалуда.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 желтоқсан 2012, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.